ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2018.20.12. № 1095 бұйрығымен 23-1 және 23-2-қосымшалармен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
23-1-қосымша
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
23-2-қосымша
«Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00-нысан)» салық есептілігін жасау
қағидалары
(2019.29.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 10-бөліміне сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған «Қосылған құн салығы бойынша салық декларация» есептілігінің нысанын (бұдан әрі - ҚҚС) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды.
2. Декларация декларацияның өзінен (300.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (300.01-ден 300.09-ге дейінгі нысандар) тұрады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті түрде жасалуы тиіс.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.
7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.